MOVE UP 2050
Мақсаты: Жоғары деңгейлі кәсіби мамандардың жаңа буынын Мәңгілік Ел және«Қазақстан 2050» Стратегиясы құндылықтарының төңірегінде біріктіру. Қозғалыстың жұмыс бағытының маңыздылығы мен өзектілігін сақтау, тиімділігі мен сабақтастығын арттыру.
Міндеттері:
· жас жоғары білікті мамандардың кәсіби коммуникациялық желісін құру;
· тағдыры үшін жауапкершілікті өз қолына ала білу қасиеттерін бойына сіңіру;
· жастар мәселелерін шешу жолында жас көшбасшылардың әлеуетін пайдалану;
· мемлекетті дамытудың стратегиялық бағдарламаларында көрсетілген идеяларды насихаттау;
· озық жобаларды әзірлеп, жүзеге асыру үшін қажет сервис пен қызмет ұсыну;
· қатысушыларға кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік беретін бағдарлама ұсыну.
Қысқаша сипаттамасы: Форум инновациялық форматта өтпек. Мән-мазмұны көңілден шығар бағдарламасы болмақ. Халықаралық деңгейде танымал тұлғаның тәлімін тыңдауға болатын тренингтер ұйымдастырылмақ. Қатысушылар алдын ала онлайн-тіркеу жүретіні туралы хабардар етіледі. Тіркеу ашық түрде жүреді. Кейбір делегеттарға жолақы гранттары беріледі. Форум жұмысына барлық мүдделі тараптардың өкілдері қатысады. Форум қоғамның интеллектуалдық резерві болып табылатын кәсіби шеберлердің, жоғары білікті мамандардың жаңа буыны – орта тап өкілдеріне арналған.
Форумның аудиториясы:
· мемлекеттік органдардың өкілдері;
· отандық және шетелдік жетекші компаниялардың өкілдері;
· желілік және жастар ұйымдарының өкілдері;
· ғылым, мәдениет, спорт, бизнес саласында жүрген жас көшбасшылар;
· «Болашақ» стипендиясының түлектері;
· ресми емес қоғамдастықтардың көшбасшылары;
· азаматтық қоғам белсенділері;
· ғылыми-білім беру ұйымдардың өкілдері.
Өтетін орны: «ALMA TAU» шипажайы, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Ақбас ауылы.
Күні: 21-23 қазан 2016 жыл.