Әлеуметтік зерттеу
«Темірқазық» кешенді жобасының аясында, үш компонентті әлеуметтік зерттеу жүргізілуде. Жоба экономикалық дағдарыс жағдайында орта тапқа жататын жастардың әлеуметтік оптимизмін арттыруды және білікті мамандардың елден кетуін қысқартуды көздейді. Зерттеудің мақсаты – әлеуметтік оптимизм деңгейін өлшеу және мақсатты топтың әлеуметтік көңіл-күйін білу.
Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз::
Анықтама алу телефондары: +7 (7172) 280-387
Зерттеудің міндеттері:
- деректерді жариялау және оларды мемлекеттік органдарға беру, сондай-ақ экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік оптимизм индексі арасындағы арақатынасты анықтау мақсатында мақсатты топтың әлеуметтік оптимизм деңгейін өлшеу;
- Қозғалыстың жобалық жұмысын оңтайлы құру мақсатында мақсатты топтың көңіл-күйі жайлы түсінік қалыптастыру;
- Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жай-жапсарын бағалау (экономикалық ахуалға байланысты мақсаттты топтың ағымдағы әлеуметтік жағдайына баға беру);
- әлеуметтік оптимизм индексін анықтайтын статистикалық (сандық) және сапалық көрсеткіштер толық, мақсатты топтың көңіл-күйі туралы деректер кеңінен берілген қорытынды есеп алу. Деректердің толықтығы мен сапасы білікті мамандардың елден кетуін азайту ісіне қатысты Қозғалыс пен құзыретті мемлекеттік органдардың жұмысына ықпал ететін тиімді құрал бола алатындай деңгейде болуы тиіс.
Өзектілігі:
Біздің еліміз тәуелсіздік алғаннан бері экономикалық қиындықтармен қатар қарқынды экономикалық өсуді де бастан өткерді. Дағдарыстар циклдік сипатқа ие екені бәрімізге аян. Егер оны сызбаға салатын болсақ, ол парабола тәріздес. Ауытқулар арасындағы арақашықтық үлкен болған сайын бұл ауытқулар күштірек болатыны да бізге белгілі. Қазақстан жұрты жылдар бойы екі таңбалы саннан тұратын ЖІӨ өсімінің жемісін татып үйреніп қалған еді. Алайда мемлекеттік институттардың, экономикалық қалыптың, отандық бизнестің, жалпы әрбір қазақстандықтың қауқары сынға түскен ауыр кезеңдер келді.
Мемлекет дамуында қиын кезеңдер күні туғанда бар ауыртпашылық оның азаматтарына түседі. Осындай сәттерде пессимизмге бой алдырып, болашаққа, әділдікке сенімсіздікпен қарап, шарасыздық күйге түседі. Ал пессимизм экстремизм, қылмыстық сананы оятады. Мұның бәрі – қоғам мен мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізетін факторлар. Дағдарыс кезінде әрбір адамның зор сенімі, барынша күш жұмсай жұмыс істеуі өте маңызды, ал торығудан адамдардың салы суға кетеді. Пессимисттік таныта салу қалай оңай болса, кедергілерге төтеп беріп, алға ұмтылу солай қиын. Пессимизм жұқпалы ауру тәрізді, бұған жұрттың көпшілігі бой алдырса, ел тоқырауға ұшырайды.
Қазіргі сәтте әлеуметтік иек артушылық үрдіспен күресу өте орынды. Адамдар тағдырдан сый күтіп, біреу келіп олардың мәселесін шешіп береді деп отыра беруді қою керек. Тек бір күнмен, яғни бүгінгімен ғана өмір сүруге болмайтынын әрқайсысы түсінуі тиіс. Жарқын болашақ үшін күресу керек, тер төгу керек, бүгінгі рақатыңды құрбан етуің керек. Әлеуметтік пессимизмге қоғамның әлсіз топтары ғана емес, табыскер жандар да бейім. Әлеуметтік пессимизмнен бәрі күйрейді, еш келешек жоқ дегенге сенімді, сондықтан қалай да болса тұтылмаудың тәсілін іздейтін, мен жоқта «бұл болмаса, күл болсын» дейтін жандар пайда болады. Мұндай адамдарды кез келген саладан табуға болады. Бұрын «өте жақсы» өмір сүріп келгендер дағдарыс кезінде қиындықтарға тап болуы мүмкін, ал жақсыға бойың тез үйренеді... Мұндай адамдар көп жағдайда жақсы өмір іздеп шетелдерге кетіп қалады. Ал, әдетте, бұл қатарда жоғары білімді, тәжірибесі мен машығы мол, ілгерішіл көзқарастағы тұлғалар бар. Олар өмір шындығына нақты нәтиже тұрғысынан қарайды. Жеке дара оптимизм – шындыққа негізделген, ал әлеуметтік – идеалистік сипатта, ол рухани құндылықтарға негізделеді.

Осындай жағдай орын алғанда не істеу керек? Ең алдымен, өзіңді қолға алу қажет, яғни өз күшіңе сенім артып, әрекет ету керек. Бұл – жеке дара оптимизм. Әлеуметтік оптимизм – алдыңғыға қарағанда күрделірек, оның негізінде тек өзіңе ғана емес, өзгелерге де сенім арту жатыр.
Алайда, оптимизмнің өз қырлары бар. Үлкен жетістіктерге, жалпы барлығына бірден қолжеткізуді көксейтін оптимизм – зиянды оптимизм. Әлеуметтік оптимист болашақты болжауда көрегендік таныта алады, мақсатына бірте-бірте, табысты қол жеткізе біледі.
Экономикалық өсім кезінде әлеуметтік оптимизмді дамытатын мемлекеттің қолындағы құрал – қол жеткізген табыстарды көрсету, насихаттау, көптің назарын аударатын жобаларды жүзеге асыру, т.с.с. Бірақ дағдарыс шарықтап тұрған сәтте адамдар мемлекеттің жетістігіне басқа өлшеммен қарайды. Оларға мінберлерден жасалған жалынды сөздер мен ауқымды құрылыстардың әсері шамалы болып, жеке басының әл-ауқатына сай пікірде болады. Сөйтіп, сыннан өткен құралдардың пайдасынан зияны көп бола бастайды. Осындай сәттерде мемлекеттегі идеологиялық жұмыс пен елдің патриотизмі сыналады.
Мемлекет идеологиялық жұмысты тұрғындар арасында жаппай жүргізеді, сондықтан мақсатты топтың аясы өте кең. Әлеуметтік шиеленісті төмендетуде, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуда бұл дұрыс. Алайда, әр санаттағы азаматтарға әр түрлі ұстаным болу қажет. Бұл тұста жоғарыда айтылған азаматтар санаты, яғни өз ісінің шеберлері, ілгерішіл жандар, «жас реформаторлар» назардан тыс қалып, қамтылмай қалады. «Білімділердің» елден кетуі дағдарыс алдында біліне бастаған болатын. Білікті жұмыс күшінің елден кетуін азайту бағытында кідірместен шара қолдануға кірісу қажет.
Аталмыш санаттағы азаматтар «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының мақсатты аудиториясы болып табылады. Азаматтардың бұл тобымен қарым-қатынас жасау бойынша Қозғалыстың жолға қойылған тәжірибесі бар. Өз кезегінде оның зор бола алады. Осы олрайда, көтерілген мәселені шешуүшін Қозғалыс өз тарапынан ықпал етуді қолға алып отыр.