Ұрпақ+
«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы "Зияткер Ұрпақ", "Bookdating", "Мирас" және "Жас шебер" атты төрт авторлық жобасын ұсыну арқылы аталмыш жобаға өз үлесін қосып отыр.
2015-2016 жылдарға арналған «Ұрпақ+» мәдени-білімділік жобасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №135-р өкімімен бекітілген.
Өскелең ұрпақты тарихи-өлкетану, туристтік бағытта дамытуға, сондай-ақ ел тарихына, өлкетануға, мәдениетке деген оқушылардың қызығушылығын арттыруға, ғылыми-зерттеу жұмысының басты машықтарын қалыптастыруға, балалар мен жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін көрсете білуіне ықпал етуге жоспарда ерекше көңіл бөлінген.
«Ұрпақ+» мәдени-білімділік жобасы еліміздегі техникалық және кәсіби оқу орындарының, мектеп оқушыларының шығармашылық және зерттеу қабілетін дамытуға, азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, толеранттылық, әділдік, адалдық пен патриотизм сынды «Мәңгілік Ел» қағидаларын жас ұрпақ арасында насихаттау.
Жоба аясында оқушылар отандық тарих, археология және мәдениет саласындағы ғылыми-зерттеу және шығармашылық бағытындағы ұжымдық және жеке тақырыптық жобаларды жүзеге асыруға қатысады.
Жоба ЭЫДҰ елдерінің балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру ұйымдарын дамыту бағытындағы озық тәжірибелеріне сүйене отыра әзірленген.
«Ұрпақ+» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған түрлі деңгейлі жобалар, олимпиадалар, қашықтықта өтетін байқаулар ұйымдастыру көзделіп отыр.
«Ұрпақ+» жобасы және оны жүзеге асыру кезеңдері туралы толығырақ төмендегі сілтеме арқылы өтіп таныса аласыздар:
http://www.ziyatker.org/#!---/c1em5
http://vk.com/pokolenie2016