Азаматтық кеңестер
Жобаның мақсаты:
Қоғамдық мониторинг пен сараптаманы қамтамасыз ету, өңірдегі өмір сүру сапасын жақсарту мен азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жергілікті азаматтық бастамаларды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік дамыту бағдарламаларын өңірлерде іске асыруға ықпал ету.Міндеттері:
1) қаладағы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстар мен креативті ұсынымдар түзуге тұрғындардың атсалысу деңгейін арттыру;
2) жергілікті халық пен атқарушы билік арасында кері байланысты бір арнаға келтіру;
3) Бүгіні мен ертеңін Қазақстанның болашағымен байланыстыратын заман талабына сай, креативті азаматтар бірлесіп, әлемдегі ең керемет елдің іргесін қалайтындай жағдай жасау.
Жұмыстың әдіс-тәсілдері
Диалог алаңы. Кеңес мүшелері зерделеп, әрі қарай талқылайтын тақырыптар тізімін анықтайды. Бастамаларды әзірлеп, қарастыру және мәселені тереңірек зерделеп, әрі қарай оңтайлы шешімін табу үшін 1 айда 1 азаматтық бастаманы (мәселенің салмақтылығына қарай) жүзеге асыру ұсынылады. Бұл бастамалар білім беру, қауіпсіздік, денсаулық сақтау, т.б. салаларды қамтуы мүмкін.
Кеңес мүшелері таңдаған тақырыптарына байланысты келелі мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеп, қала тұрғындарымен, уәкілетті органдардың өкілдерімен кездесіп, сарапшыларға жүгінеді. Мәселені зерттеу қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірленеді. Қаладағы мәселелерге ұтымды талдау жүргізу және ұсыныстар жинау мақсатында Кеңес арнайы веб-сайт, әлеуметтік желілерде парақшалар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыра алады.
Дайын ұсыныстар, жобалар мен ұсынымдар қала билігінің уәкілетті құрылымдарының басшыларымен диалог жүргізу арқылы талқыға түседі. Талқылау қорытындысы бойынша шешім шығарылады. Биліктің қабылданған шешімдерді орындауына, мониторинг жүргізуіне Кеңес өз тарапынан қолдау көрсетеді.
Кеңестің тұрақты тақырыптық отырыстарынан басқа, қажеттілігіне қарай, қоғамның тез арада талқылауын талап ететін мәселелер туралы қала басшылығымен шұғыл кездесулер өткізуге болады.
Белсенді азаматтар қоғамдастығы. Кеңес мүшелері қаладағы өмір сүру сапасын жақсартуды көздейтін әлеуметтік маңызды жобаларды ойлап тауып, өздігімен іске асыра алады. Әдетте, бұлар, қала билігінің араласуынсыз жүзеге асыруға болатын шағын жобалар. Олар білім беру, мәдениет, т.б. салалардағы жобалар болуы мүмкін.