"Өз кәсібінің үздігі"
“Өз кәсібінің үздігі” республикалық байқауын ҚР Білім және ғылым министрлігі тапсырысымен “Қазақстан 2050” Жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырды. Байқау мақсаты жұмысшы мамандықтарының замануи, жаңаша имиджін қалыптастыруға бағытталған.
Бұл - талантты әрі кәсіби тұрғыда өсуге ұмтылған, жас ұрпаққа үлгі бола білетін жас мамандарға, өз еңбегін, кәсібін бағалаудың үлгісі болатындарға арналған идеологиялық байқау. Жұмысшы мамандағын таңдаған жастар ешбір қиындықсыз жұмыс табады, қызметке тұруда да кедергі жоқ.
Байқауға қатысуға өтінімдер 2015 жылдың 10 қыркүйегінен бастап, 10 қазанға дейін қабылданды.
155 үміткерден байқауға қатысуға өтініш келіп түсті. 10 аталым бойынша, 20 жеңімпаз анықталды. Олардың қатарында Үздік сантехник, технолог, қоғамдық көлік жүргізушісі, токарь, тігінші, кран жүргізушісі, дәнекерлеуші, сылақшы, темір ұстасы, электрик. Сондай-ақ жеңімпаздар қатарында тек орта техникалық білімі барлар ғана емес, бірнеше жоғары білімі бар, ғылыммен айналысатын жастар да бар. Олардың жартысына жуығы отбасылы, балалары барлар. Бұл жұмысшы мамандығын таңдаған жастардың өмірінің тұрақтылығының көрінісі. Байқауға қатысушылардың орташа жасы 26 жас. Олардың біразы қысқа уақыт аралығында бірнеше мәрте біліктілігін арттырып, қызметте мансабы өскен.
Мұның бәрі бүгінде жұмысшы мамандығының тек абыройлы ғана емес, сондай-ақ жайлы екендігінің белгісі.