Алғаш рет! Қазақстанда ресми онлайн-петициялар институтын енгізуді қоғамдық талқылау
Достар!
Сіздерді Қазақстанда ресми онлайн-петицияны енгізу бастамасын ашық талқылауға шақырамыз.
Егер сіз демократиялық қоғам мен әлемдік тәжірибе сынынан өткен тиімді жаңашылдықтарды қолдасаңыз, қоғам мен билік арасындағы өзара қатынас механизмінің барынша айқын болуын қаласаңыз немесе елімізді дамытуға қатысты жеке дәйектеріңіз бен көзқарасыңыз, өзіндік ой-пікіріңіз болса, онда Сізді біздің кездесуімізде күтеміз. Онда заңгерлердің бастамашыл тобы әзірлеген Жоба Тұжырымдамасы таныстырылады. Сонымен қатар ашық талқылау аясында Карин, Ерлан Тынымбайулы, Айдос Сарым сынды еліміздегі белгілі саясаттанушылармен бетпе-бет пікір алмасып, көкейіңіздегі сұрақтарыңызды қойып, өз көзқарасыңызды білдіруге және ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаттары мен белді сарапшылардың пікірін тыңдауға мүмкіндігіңіз бар.
Шараның модераторы – Қазақстанда ресми онлайн-петиция институтын енгізу туралы бастама жасаушы, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы Кеңесінің Төрағасы Данат Жумин.
Кездесу орны: Hilton Garden Inn Astanа
Өтетін күні: 30 маусым 2016 жыл
Уақыты: сағат 10:30
Қазақстанда ресми онлайн-петицияны енгізу тұжырымдамасы жобасымен сайтта толығырақ таныса аласыздарhttp://kz2050.kz/kz/news/1773
Сонымен қатар, фейсбуктағы ресми парақшамыздағы шараға қатысты жарияланымдардың астына жазып немесе 8 (7172) 72-94-70 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласып, пікір білдіріп, сұрақ қоя аласыздар.
P.S. Онлайн тіркелу мына сілтеме арқылы
http://goo.gl/forms/4rUmkDqxrbndCLg83