“Ресми онлайн-петициялар механизмін енгізу - азаматтық қоғамның дамуына үлкен серпіліс береді”
деп мәлімдеді, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев “Қазақстан 2050” Жалпыұлттық қозғалысының мүшелерімен кездесуі барысында.
Осылайша, Мәулен Сағатханұлы Қозғалыс кеңесінің төрағасы Данат Жұминнің бұған дейін көтерген-Қазақстанда ресми онлайн-петициялар институтын енгізу туралы бастамасын қолдайтындығын білдірді. Сондай-ақ, Комитет төрағасы бұл бастаманы талқылауды Мәжіліс қабырғасында жалғастыруды ұсынды. Қыркүйек айына межеленген бұл кездесуге депутаттар мен арнайы мемлекеттік органдар өкілдері шақыртылмақ.
“Мемлекеттік маңызды шешімдерді қабылдауда халық пікірімен санасуды жолға қоятын құрал болмақ. Сондықтан онлайн-петициялар механизмін заң жүзінде енгізуге мейлінше ат салысатын боламын”,- деді кездесуді қорытындылаған депутат Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев.